Атырауда сотталғандар дәрігерлер мен науқастарға көмектесіп жүр

(0 Votes)

Коронавирустық пандемиямен күрес кезінде Атырау облысының тұрғындары қолдан келген көмектерін аяп қалып жатырған жоқ.

Солардың ішінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар да бар. Олар науқастар мен дәрігерлерге көмектесіп жүр.
Жылыой ауданының тұрғыны А.С. есімді азаматшаның жазасы кейінгі қалдырылғандықтан, аудандық Пробация қызметіне есепке алынған. Қазіргі дертпен күрес кезінде ол қоғамға өз көмегін тигізісі келіп, Жылыой аудандық Орталық ауруханасының, аудандық Полиция бөлімінің және аудандық

Жедел-жәрдем станциясының қызметкерлерін және ем алып жатырған науқастарды ыстық тағаммен қамтамасыз етуде.

- Тағам дайындау кезінде санитарлық талаптарды естен шығармай, әрқайсын бөлек-бөлек ыдысқа салуды жөн көрдім. Осылайша 36 науқасқа бешбармақ, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін бір қазан палау дайындадым. Сусынды да ұмытпадық. Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандарға көмектесу - қоғамның әр мүшесінің парызы деп білемін,- дейді қайырымдылықпен айналысып жүрген А.С.
Осындай ерікті іс Индер ауданында да өз жалғасын тапты. Аудандық Пробация қызметінде есепте тұрған 56-жастағы Нұрғали Индер аудандық ауруханасында ем алып жатырған науқастар үшін бір сиырын сойып, 200 килограмнан астам ет таратқан.

- Науқастардың құнарлы етпен тамақ ішкенін қаладым. Өйткені коронавирус та, пневмония да адам иммунитетін әлсіретеді. Қажет болса тағы да көмектесуге дайынмын,- дейді Нұрғали.
Айта өту керек, наурыз айынан бері Пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған көп балалы отбасыларды және әлеуметтік осал топтан шыққан азаматтарды азық-түлікпен және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, карантин кезінде УГ-157/11 (әйелдер түзеу мекемесі) мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматшылар Атырау облыстық Полиция Департаментінің қызметкерлерін бетпердемен қамтамасыз еткен болатын.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда облыс бойынша Пробация қызметінің есебінде 800-ден астам сотталған есепте тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521