Атырауда әскерилер қызметін абыроймен атқарды

(0 Votes)

Атырауда төтенше жағдай кезіндегі карантинге байланысты төрт блок-бекет ашылған еді.

Онда полиция қызметкерлерімен бірге әскерилер де кезекшілік атқарды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Атыраудағы жергілікті гарнизоннан 200 әскери тартылды.

Мәселен, №41430 әскери бөлімінің аға офицері, майор Ақылбек Әлжановтың айтуынша, әскери қызметшілер блок-бекеттерде екі ауысыммен жұмыс істепті. – Біз блок-бекеттердегі, қаланың белгіленген жерлеріндегі қызметімізді абыроймен атқардық. Әр ауысымда 28 адам кезекшілікке шықты. Міндетіміз – төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету.

atyrau-askeriler-1

Әскерилердің көмегімен 20-ға жуық тәртіп бұзушылық анықталды. Біз үшін еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы қымбат. Сондықтан, біз елді қорғауға әзірміз, - дейді аға офицер Ақылбек Әлжанов. Әскерилер Атырау қаласындағы №3 емханада қауіпті індет инфекциясына ПТР тест-сынамасын тапсырды. Аталған емхананың эпидемиологы Абзал Дүйсеновтің пікірінше, 204 әскери қызметкерден мұрын жұғындысы алыныпты. Анализ қорытындысы бір тәулікте дайын болады.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521