Атырауда әскери-патриоттық клубтардың саптық көрінісі өтті

(0 Votes)

Бүгін Сұлтан Бейбарыс алаңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының саптық көрінісі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлы Жеңістің 78 және Қазақстан Қарулы Күштеріне 31 жылдығына арналған шараға 400 оқушы, облыстық және қалалық білім беру басқармасы мен қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты. Жас патриоттар слетына келген конақтар әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің дайындаған саптық көрінісін және әскери балдық биін тамашалады.

- Бүгін өңірімізде маңызды іс-шара ұйымдастырылып отыр. Біз мектеп жасынан бастап жастарды Отанды қорғауға үйретуіміз қажет. Әр адам өз жерін қорғау керек. Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарды қарулы күштерге және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,- деді Ауған соғысының ардагері Мұханбетжан Тоқмамбетов.

Қазіргі таңда Атырауда 203-ге жуық жас патриоттар клубы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 «Жас сарбаз» клубы бар. Аталған клубта 7250 оқушы бар.

Айта кетейік, өңірде алғашқы әскери патриоттық клуб 1998 жылы ашылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика