Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есеге төмендеді

(0 Votes)

Шетелдіктерді жұмысқа қабылдау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен берілетін квота саны азайды - деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 10 567 квота бөлінсе, биылғы рұқсат саны 7723-ке төмендеген. Ал, жыл басынан бері Атырау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссия шешімімен 558 шетел азаматының өтініші қабылданбаған.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бөлінген квота шеңберінде 2021 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс берушілерге шетелдік мамандарды қабылдау үшін берілген рұқсат саны 6244-ті құрайды. Оның ішінде 1-ші санат бойынша - 39, 2-ші санат бойынша - 956, 3-ші санат бойынша – 4192, 4-ші санат бойынша - 425, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 621, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 11 . Айта кетейік, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 91 057 қазақстандық мамандар жұмыс жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521