Атырауда шекарашылардың велошеруі өтті

(0 Votes)

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы  «Retro park» саябағынан бастау алған велошеру спорттық шарасы өтті. 

18 тамыз – Шекарашылар күні мерекесі қарсаңында өткен шараға ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Жұмахан Әбілбеков және 100-ге жуық шекарашы жеке құрам қатысты.

Жалпы аумағы 10 шақырымды құрайтын велошеру қала орталығындағы Мұхтар Әуезов, Азаттық, Жалаңтөс батыр көшелерін қиып өтті. 

Жыл сайынғы дәстүрге айналған әскери-патриоттық шара шекарашылардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, әскери достықты нығайтуға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT