Атырауда үш күнде 100-ден астам жасөспірім жауапқа тартылды

(0 Votes)

Атырауда үш күнде құқық бұзған 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері Атырау қалалық білім бөлімінің мамандарымен бірге «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

Үшкүндік рейд барысында 107 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Осыған байланысты 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ювеналды полиция инспекторлары 96 қолайсыз отбасымен, ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 41 жасөспіріммен профилактикалық жиын өткізді.

Авторы Жолдасбек Көшербайұлы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика