Атырауда сәби өліміне қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

(0 Votes)

Қызылқоға аудандық ауруханасында көз жұмған 11 айлық сәби өліміне қатысты қазіргі таңда Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

«Қызметтік тексеру үшін комиссия құрылды. Сәбидің қайтыс болу себептеріне қатысты мәліметтер мен қорытындылар сот-медициналық сараптама және комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін ұсынылатын болады» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қызылқоға аудандық ауруханасына сырқаттанып түскен 11 айлық сәби көз жұмған болатын. Миялы ауылының тұрғыны Баян Шүкірғалиеваның айтуынша, ​ немересінің өліміне дәрігерлердің балаға диагноз қоя алмай, қате ем жасауы себеп болған. ​

Атырау облыстық полиция департаменті бала өліміне қатысты «ҚР Қылмыстық кодексінің» 317- бап, 3-тармағы​ («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы»)​ бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика