Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АтӨФ-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізуге шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.
Жария тыңдаулар 2025 жылғы 3 наурыз сағат 11.00-де Атырау қаласы, З: Гұмаров көш. 94, 2-қабат (акт зал) мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өткізілетін болады.
Жария тыңдаулар бір уақытта Департаменттің ресми парақшасында да Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн-режимде өтеді https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065.
Жария тыңдауларға онлайн қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» әлеуметтік желісінде «Атырау-Табиғи-Монополияларды Реттеу-Департаменті» атын енгізіп, іздестіруге болады және әрбір қатысушы онлайн режимінде сұрақ қоя алады.
Жария тыңдауларға депутаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7122) 21-10-38, 21-10-39.
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АтӨФ қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің байланыс телефоны: 8 (7122) 55-86-30.