Атырауда прокурорлар тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін жауаптылыққа тартты

(0 Votes)

Атырау қаласының прокуратурасы үлестік тұрғын үйлер құрылысына мониторинг жүргізуде.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үш түрлі тәсілмен ұйымдастырылады - кепілдік беру қоры, банк немесе жергілікті атқарушы органының рұқсаты арқылы.

Өзге тәсілдермен көппәтерлді тұрғын үйлер құрылысы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Бұған қарамастан, Атырау қаласында 2 тұрғын үй-құрылыс кооперативтері бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамаларды заңсыз жариялау арқылы жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражатын тартқаны анықталды.   

Қала прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Какиевтің айтуынша, аталған мекемелерге қатысты прокуратурамен әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынды.

Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарды мүлікті иеленуге немесе пайдалануға кепілдік бере алмайтын күмәнді компаниялармен азаматттық шарттарға отырмауға шақырады.   

 

 

Атырау қаласының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика