Атырауда прокурор түрмелерді аралады

(0 Votes)

11 қыркүйекте Атырау облысындағы түрмелер мен тергеу изоляторын Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығы м.а. Манарбек Габдуллин мен облыс прокурорының бірінші орынбасары Жанболат Туғанбаев аралады.

Олар УГ-157/1 (тергеу изоляторы), УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы), УГ-157/11 (әйелдер түзету колониясы) болып, сотталған азаматтар мен күдіктілерді шартты мерзімінен бұрын босату, неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру, туыстарымен кездесу тағы сол сияқты жеке сұрақтарымен қабылдады.

- Сондай-ақ облыс прокурорының бірінші орынбасары мекемелердің ұстау жағдайымен танысты. Кездесу соңында мекемелердегі тұрмыстық сұрақтар лезде шешілу керектігі айтылып, мекеме бастықтарына нақты тапсырмалар берілді,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.

ҚАЖД бастығының м.а. Манарбек Габдуллин мекемелерде санитарлық талаптардың сақталуына оң баға беріп, осындай тексеріс шаралары үнемі өткізіліп отыратындығы туралы айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика