Атырауда Премьер-Министрдің орынбасары арнайы кеңес өткізді

(0 Votes)

Бүгін Атырауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік комиссияның жиыны өтті.

Онда аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне талқыға түсті. Ералы Тоғжановтың мәлім етуінше, қазір еліміздегі коронавирус инфекциясының тіркелу деңгейі 2-3 пайызды құрап отыр.

Бұл көрсеткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардан кейін төмендеп келеді. Алайда, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақтала қойған жоқ. Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 жағдай тіркелді. Науқастардың 127-сі емделіп шықты. Ал, «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталды. Бұл азаматтар –20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері. «Теңіз» кенішінен 17 мың адам тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуына қарағанда, «Теңіз» кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр.

Осыған орай министр «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер және субмердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды. Жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру барысы да қаралды. Үкімет биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 млрд. 308 млн. теңге бөлініп отыр.

Жиынды қорытындылаған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мен жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21