Атырауда полицейлер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекті жөнелту жұмыстарына жұмылдырылуда

(0 Votes)

Еліміздің бірнеше облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры қайырымдылық жинау жұмыстарын ұйымдастыруда.

Жиналған гуманитарлық көмекті жөнелту жұмыстарына Атырау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері атсалысуда. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық қажеттіліктер салынған көмек ертең жолға шығады деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT