Атырауда пара алған полиция подполковнигі сотталды

(0 Votes)

Әскери атағынан айырылған полиция қызметкері үлкен көлемде айыппұл төлейтін болды.

Атырауда пара алды деп айыпталған полиция полковнигіне үкім шықты, деп хабарлайды zakon.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың 17 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел уәкілдері пара алғаны үшін Атырау облысының полиция департаментінің подполковнигін ұстады.

Тергеушілердің айтуынша, ол аң аулау қаруын сақтауға және оны алып жүруге рұқсатты жеделдетіп бергені үшін 30 мың теңге алған.

№2 қалалық сотты ATPress.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауапта полиция қызметкері кінәлі деп танылып, параның 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынғаны (600 мың теңге) айтылады. Ол сондай-ақ подполковник атағынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика