Атырауда орталық мешіт жанынан тігін курсы ашылды

(0 Votes)

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті әйел адамдарға білім алып, кәсіп ашу мүмкіндігін ұсынып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тігін курсының ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, курс қатысушыларына сәттілік тіледі.

- Тігін курсы үй шаруасымен отырған жандарға  өз ісімен айналысып, қаржы табуға мүмкіндік береді. Бүгінде жат ағымның жетегінде кетіп жатқан қарындастарымыздың көбі жұмысы жоқтықтың салдары теріс жолға түсуге себеп болғанын айтады. Сол себептен осындай курс ашуды жөн көрдік,- деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Қыз-келіншектерге арналған тігін курсын оқу 3 айға созылады. Курс бағасы – 10 000 теңге.  Бүгінде 2 ауысымда өтетін курсқа 20 қыз-келіншек жазылған. Курс уақыты аяқталған соң қабылдау кері жалғасатын болады.

- Мешіт  жанынан осындай курс ашылып жатқанына қуаныштымын. Өз өнеріммен өзгелердің еңбек етуіне себепші болсам деген мақсатта бар білгеніммен бөлісемін,- дейді  тігін сабағында 32 жыл еңбек өтілі бар шебер Диляра Романова .

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика