banner_damu

Атырауда орман қоры жерлеріне 7 миллион көшет егу жоспарланған

(0 Votes)

«Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов мәлімдеді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында 2021-2025 жылдары орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу жөнінде тапсырма бергені мәлім.

Осыған сәйкес, облыс әкімдігі «Атырау облысы бойынша ормандарды өсіру мен молайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешендік жоспарын» және «Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар жасаудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспарын» әзірлеп, бекітті.

Кешендік жоспарға сәйкес, Атырау облысындағы мемлекеттік орман қорының 2 803 гектар жеріне алдағы 5 жыл ішінде 7,075 миллион көшет егу жоспарланған. Соның ішінде, биыл облысымыздың 309 гектар орман қоры жерлеріне 905 мың ағаш көшеттерін егу қаралған (көршілес Батыс Қазақстан облысында 15 096 гектар жерге 57 миллион, ал, Ақтөбе облысының 30 744 гектар жеріне 60,1 млн. көшет егу көзделген). Көктемгі науқанда 250 гектар жер учаскесіне 696,4 мың көшет отырғызылса, қазір 59 гектарға 208,6 мың  көшет отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы өңірлік жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерінде 5 жылда 279 га аумаққа 540 мың ағаш көшеттерін отырғызу көзделгеніне тоқталды. Биыл 48 гектарға 86 320 тал егу жоспарланса, көктемгі науқанда 24 гектарға 48 714 ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде Атырау қаласы аумағына 27 786 ағаш егілді. Қазір қалған 24 гектарға 37,6 мың ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқарма басшысы сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің егілген көшеттер мен отырғызылған ағаштарды суару мен күтіп баптауға ерекше көңіл бөліп, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырғанын атап өтті. «Орман қоры жерлерінде орман өсіру, молықтыру, күтіп-баптау сондай-ақ суару жұмыстарын жүргізу орман шаруашылығы мекемелеріне міндеттелгендіктен солар жүзеге асырады. Ал елді мекен аумақтарында ағаш көшеттерін күтіп-баптау мен суару жұмыстарын қала және аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдері жүргізеді»,-деген ол алдағы уақытта егілген талдарды күтіп-баптау мен тамшылатып суару жұмыстарын айқындауды жүзеге асыратын арнайы комиссия құру жоспарланып отырғанын да жеткізді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика