Махамбет ауданының прокуратурасымен 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.
Талдау барысында Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен «Первомайский» ЖШС-не понтонға орнатылған су насосы станциясы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған. Шаруашылық субъектісі мемлекетке зиян келтіруді жалғастырған. Аудан әкіміне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс берілді. Сөйтіп, мүлік мемлекетке қайтарылды. Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com