Атырауда облыс әкімінің грантына екі күнде 180 үміткер құжат тапсырды

(0 Votes)

Атырауда облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр. 14 тамызда басталған грантқа құжат тапсыру мүмкіндігін 1, 2, 3 курс студенттері де пайдалана алады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты.

«Қазіргі уақытта түрлі мамандықтарға облыс әкімінің 295 гранты қарастырылып отыр.Осылайша,ағылшын тіліне – 31, дене тәрбиесіне – 43, ландшафт – 4, театр – 4, психология – 19, медицина – 72, экология – 4, теология – 2, жылу энергетикасы саласына -1 үміткер құжат тапсырды», – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм парақшасында.

Айта кетейік, құжат қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады. Гранттарға құжаттарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тапсыра аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика