Атырауда оқушылар арасында XI жазғы облыстық гимназиада басталды

(0 Votes)

Спорттың 30 түрі бойынша өтіп жатқан гимназиада екі аптаға созылады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық гимназиадада 8 команда бақ сынасуда. Айта кетерлігі,  спорт түрлерінің арасында қазақтың ұлттық ойындары асық, тоғыз құмалақ бар. Гимназиадада бірінші орынға ие болған команда республикалық ойыннан жақсы көрсеткішке ие болса, Франция астанасы Париж қаласында өтетін Дүниежүзілік гимназиадаға қатысады.

- «Атырау» спорт кешенінде өтіп жатқан гимназиадаға қала және барлық ауданның оқушылары  қатысуда. Осындай жарыстардың жиі өтуі болашақ спортшыларымыздың санын көбейтуге мүмкіндік береді, - дейді Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директоры Садыржан Жекенов.

Айта кетерлігі, гимназиаданы облыстық білім беру басқармасы «Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы», облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Атырау облыстық ұйымы бірлесіп өткізуде.

Шара барысында мектеп оқушыларының арасында өткен Ұлттық мектеп лигасының марапаттау рәсімі өтті. Лига қорытындысы бойынша 1 орын - Құрманғазы ауданы командасы, 2 орын -  Жылыой ауданы командасы, 3 орын – Индер ауданы командасына бұйырды.

Жеңімпаздар кубок және дипломмен марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521