Атырауда оқушыларға көмек портал арқылы жүзеге асуда

(0 Votes)

 Биыл «Мектепке жол» акциясы Atamekenim.kz порталы арқылы жүзеге асуда.

Аталған порталға Атырау облысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасы балалары туралы мәліметтер енгізілді. Олардың жалпы саны – 9607 оқушыны құрап отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі. Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетудің бұл жаңа форматы өткен жылдан бері қолданыла бастады. «Atamakenim.kz» порталының ерекшелігі – көмекке мұқтаж ата-ана баласының мәліметін ЖСН арқылы тіркеп, тізімге ене алады.

«Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, ерекше білімді қажет ететін 11 187 оқушы бар. Оның 3641-іне киім-кешек пен қаржылай қолдау көрсетілді. Тамыз-қазан айында 8100 балаға көмек көрсетілу жоспарланған», дейді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиева.

Абай Ақмұрзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика