Атырауда қоғамдық бірлестік өкілдері сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтты

(0 Votes)

«Партиялық емес байқау орталығы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы жетекшісі Дәурен Сейітқалиев журналистерге берген арнайы сұхбатында сайлау учаскелерінде заңсыздық тіркелмегінін айтты, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі бар. Оларда 150-ге жуық байқаушы жұмыс атқаруда. Олар - таңертеңгі сағат 6.00-дан бастап, сайлау учаскелерінде. Заң бұзушылық байқалған жоқ

. Санитарлық нормаларға сәйкес жұмыстар жүруде» деген ол округ тұрғындарының саяси науқанға қатынасу белсенділігі жоғары екенін атап өтті. «Біздің негізгі мақсатымыз - сайлаудың заңды, әділ өтуін қадағалау. Тұрғындар да жоғары қызығушылық танытып, белсенді қатынасуда. Ауыл әкімін сайлауға әр тұрғынның арнайы келіп, өз таңдауын жасауы – өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі» - деді Дәурен Нұхұлы.

Айта кетейік, бүгін бүкіл Қазақстан бойынша оның ішінде Атырау облысында,аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау басталды. Біздің облыста бүгін 6 ауданда және Атырау қаласында 18 ауылдық округ әкімдері сайланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика