Атырауда нөсер жауын, қатты дауыл күтілуде

(0 Votes)

 "18-22 мамыр аралығында Атырау облысында қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауады деп күтілуде" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі "Казгидрометке" сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, нөсер соңы бұршақты жауынға, қатты желге ұласуы мүмкін.

Осыған орай, облыс тұрғындарына аса қажеттіліксіз далаға шықпауды, балаларды үйден шығармауды, автокөліктерді жабық объектілер астына сақтауды, үй жануарлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс объектілеріндегі жұмыстарды, соның ішінде арнайы техникалардың (биік кран) жұмыстарын уақытша тоқтатуды ұсынамыз.

Сонымен бірге азаматтарға жеңіл қайықпен ашық су айдынына шықпау ұсынылып отыр. Төтенше оқиғалар орын алған жағдайда, Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне шұғыл хабарласу сұралады.

Шұғыл қоңыраулар үшін: 112 8(7122) 45 - 00 - 00

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика