Атырауда мыңға жуық көшеттер отырғызылды

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Бұл менің ағашым» атты ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған акцияға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы келіп, ағаш отырғызды.

Сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен еріктілер  қатысты.

"Ұйымдастырылған акция " Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен" тұспа-тұс келуіне орай, Атыраудағы Самал ықшамауданында 1 гектар жерге, мыңға жуық көшеттер отырғызылуда.

Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні аясында, барлық аудан, елдімекендерде де жалғасын табуда", дейді Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.

Алдағы уақытта да тал егу акциялары "Таза табиғат" ұлттық жобасы аясында өткізіліп тұратын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT