banner_damu

Атырауда "Мерейлі отбасы" конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

(0 Votes)

"Бас жүлде Исатай ауданының тумалары - Кенжешовтер отбасында. "Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің марапаттау салтанаты өтіп, өнегелі отбасыларды Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова құттықтады" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» конкурсы биыл облысымызда 7-ші рет өткізіліп отыр. Отбасы бірлігі – Отанның бірлігі. Ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы. Сіздер сайысқа түскен 60-қа жуық жанұя арасынан өздеріңіздің кемеңгерлік пен ұлағаттылық сипаттарыңыздың арқасында дараланып шықтыңыздар, - деді Бақытгүл Қайыржанқызы.

img-20210828-wa0037

Сайыстың бас жүлдесін Исатай ауданынан келген Кенжешовтер отбасы жеңіп алды. Жеңімпаз отбасының тірегі Кенжешов Құрманбек биыл жетпіс жасқа аяқ басқалы тұр. Жанұяның ұйытқысы болған жан жары Гүлден Мұхамеджанова екеуінің отасқандарына 46 жыл болыпты. 3 қыз бен 4 ұлды тәрбиелеп өсірді. Зейнеткерлік жасқа дейін екеуі де теміржол саласында қызмет атқарған.

Еске сала кетелік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын еліміздің барлық аймағында өткізу дәстүрге айналған. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарын жаңғырту болып табылады.

Осы орайда конкурстың облыстық комиссиясының қарауына 59 өтініш түсіп, олардың ішінен 15 отбасы ұлттық конкурстың дипломанттары атанды.

img-20210828-wa0028

img-20210828-wa0034

img-20210828-wa0032

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика