Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

(0 Votes)

25 қазан - Республика күніне орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенловтің қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы алдымен тұрғындарды Республика күнімен құттықтады.

- Қадірменді ағайын, баршаңызды бүгінгі ұлттық мерекеміз Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері армандап өткен Тәуелсіздігіміз 1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік декларациясымен келгенін бәріміз білеміз. Міне, бірнеше жылдан кейін Ұлытауда өткен Ұлы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнді тарихи сахнаға қайта алып келуге ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы мен халқымыздың бірлескен шешімі аясында бұл күн қайта жаңғырды. Республика күні Көк байрағымыздың көкте желбіреуі жас ұрпақтың елім, жерім деген намысын қайрай түседі деп ойлаймын. Ең бастысы, ынтымағымыз жарасып, ырысқа бөленіп жүрейік! Лайымда Туымыздың тұғыры биік болсын, деді С.Шәпкенов.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика