Атырауда мектеп оқушысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

(0 Votes)

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтау, тасымлдауға қатысты айыппен сотталған.

Биылғы жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде 13 орташа, 7 ауыр қылмыс бар.

«Мысалы, кәмелет жасына толмаған оқушы К Telegram интернет-арнасынан жұмыс тәжірибесі жоқ болса да жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екені туралы хабарландыруды тапқан. Ол осы хабарландыруға қызығушылық танытқан. Курьердің жұмысына психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізу кіретінін біле тұра материалдық тұрғыдан тез баю мақсатын көздеген. Оның аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері ата-аналарға балалардың интернет желісінде отыруын қатаң бақылауды ұсынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT