Атырауда мектеп бітірген сотталушылар аттестат алды

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне бағынысты УГ-157/9 (ерлер жазасын өтейді) және УГ-157/11 (әйелдер жазасын өтейді) қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мекеме аумағындағы мектепті бітіріп, оларға жалпы орта білім алғаны туралы аттестаттар табысталды.

Аталған жалпы мектепті бітіргендердің арасында жасы 40-тан асқан сотталған да бар. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, мектеп бітіруші жазасын өтеушілерге аттестатты мекеме басшылығы барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, табыстады.

«Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай сотталғандарға орта білім алу міндеттеліп, жасы 30-дан асқандар арасында сауат ашудың қажеттілігі туралы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, 30-дан асқан сотталғандар арасында да аттестаты жоқтары кездессе, олар өз еріктерімен білім алуға өтініш білдіре алады.

Ринат Урахов, әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика