АТЫРАУДА МЕЙРАМХАНА ӨРТЕНДІ

(0 Votes)

2020 жылдың 27 маусымы сағат 18:26-да Атырау қаласы Алмагүл мөлтек ауданында, 16 қабатты көп пәтерлі үйдің жертөлесінде орналасқан «Bretzel» мейрамханасында өрт шыққаны туралы шақыру келіп түсті.

Жалпы ауданы 270 кв.м. болатын мейрамхананың 70 кв.м. бөлігінің жануы болды. Өрт кезінде мейрамхана пайдаланылмағандығы белгілі.

Өрттің алдын ала себебі-шатырдағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ-нің 16 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сағат 19:09-да өрт толығымен жойылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521