Атырауда медициналық бағытта жұмыс жасайтын волонтерлік дамымақ

(0 Votes)

“Азаматтық орталық” КММ-сі волонтерлері "Жаныңдамын!" жобасы аясында өз жұмысын бастады. Жоба жетекшісі - өңірге танымал медициналық және әлеуметтік волонтер Мира Есниязова.

Жоба аясында  волонтерлер Атырау облыстық балалар ауруханасында сенбі, жексенбі күндері түрлі форматта шеберлік сағаттарын ұйымдастыратын болады. Жоба жетекшісінің айтуы бойынша "Ауруханада емделуші балалардың  демалыс күндеріндегі уақыттарын шығармашылыққа арнайтын боламыз, бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына, гаджеттерді пайдаланбауына, қол маторикасы мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытуына ықпал ететін тиімді жоба.

Волонтерлердің келгеніне балалармен қатар, ата-аналары да қатты қуанды. Олар да балаларымен бірге сурет салып, сергіп қалды. Біздің жобада тек шеберлік сағаттары емес, сонымен қатар әртүрлі дамыту ойындары, флешмобтар, интеллектуалды арттыратын сайыстар ұйымдастырылатын болады.

Ауруханада барлығы 150-дей бала ем алуда, олар диагноздарына қарай әртүрлі бөлімдерге орналасқан. Бұл ауруханада жүзеге асып жатқан алғашқы шарамыз болғандықтан балалардың жас ерекшелігін, олардың диагноздарын ескеру керектігін пайымдадық".

Волонтерлер 2-шілде күні реабилитация бөлімінде, 3-шілде күні травматология бөліміндегі балаларға қуаныш сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика