Атырауда мас болған полиция инспекторы қамауға алынды

(0 Votes)

Ол қазіргі уақытта көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген полиция инспекторы жүргізуші құқығынан айырылып, қамауға алынды, деп хабарлайды Today.kz

Атырау облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы учаскелік инспекторды ұстады. Іс сотқа жолданды. Қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен аға лейтенант жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі учаскелік полиция қызметкері бұдан былай полицияда жұмыс істемейді, ол полиция бөлімінен шығарылды деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика