banner_damu

Атырауда ұлттық киімдердің сән фестивалі өтті

(0 Votes)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Түркия еліндегі Ақдениз университетінің профессоры, дизайнер Айдын Зор және өңірге танымал сән саласының шеберлері қатысты – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сән байқауында қала және ауданнан келген 9 дизайнер бақ сынады. Олар  «Фольклорлық  костюм», «Спорттық костюм», «Классикалық костюм» , «Күнделікті костюм» және  «Кешкі көйлек» бағыттарына сай келетін ұлттық киімнің заманауи үлгілерін ұсынды.

Мақсат - мәдени кеңістіктегі дәстүрлі және стильді ұлттық ерекшелігін таныту , дамыту және дәріптеу.

Байқау нәтижесінде, жүлделі 3-ші орынды жас дизайнер Айзада Кененова иеленіп, 2-ші орын сән саласының шебері атанған Айсұлу Оразбаеваға бұйырды. Ал, 1-ші орынды Эльза Қайыржанқызы қанжығасына байлады. Байқаудың бас жүлдесін құрманғазылық Шарбану Амирова иемденді.

Сән байқауының барлық қатысушыларына ақшалай сертификаттар табыс етілді .

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика