Атырауда коронавирустан тоғызыншы адам өлімі тіркелді

(0 Votes)

Өңірде COVID-19 індетінен 81 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

1939 жылғы науқас жедел жәрдеммен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стационарына жеткізілген. Қабылдау кезінде қарт кісі температураның 39 ° C-қа дейін көтерілуіне, әлсіздік пен тершеңдікке, құрғақ жөтелге және тәбеттің төмендеуіне шағымданған.
- Қария бұл белгілердің барлығы өзін маусым айының басынан бастап мазалап жүргенін айтты. Ол медициналық көмекке жүгінбей емдік шараларды үйінде жүргізген. Алайда, өз бетімен жасалған емнен денсаулығы жақсара қоймады. Зейнеткер 11 маусымда "Медикер" орталығында текмерістен өтіп, сол жерден облыстық туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стауионарына жіберілген, - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.
Провизорлық стационарға жеткізілген сәтте зейнеткердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Қарт кісіден коронавирусқа тест алынып, нәтижесінде COVID-19 анықталды.
- 20 маусым күні оның жағдайы нашарлап, жүрек соғысы мен тыныс алу қызметі тоқтады. Көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқаста клиникалық өлім болды. Өлімнің себебі - жедел тыныс пен жүректің жеткіліксіздігі және КВИ, - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика