АТЫРАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТПЕК

(0 Votes)

Биыл мамлюктер мемлекетінің негізін қалаушы Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл. Осыған орай 3-4 қазан күндері «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырып жатқан шара Салтанат сарайында өтеді. Мақсат – Дешті Қыпшақ даласының перзенті Сұлтан Бейбарыс туралы соңғы мәліметтерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу, отандық тарих ғылымындағы орнын айқындау және оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Конференцияның негізгі тақырыбы үш секция жұмысында талқыланады:

- Сұлтан Бейбарыс тұлғасының зерттелу тарихы мен тарихнамасы;

- Сұлтан Бейбарыс және оның тарихи ортасы археология, этнография және ескерткіштану (архитектура) материалдары бойынша;

- Сұлтан Бейбарыстың әскери істегі, дипломатиядағы және әлемдік тарихтағы тұлғасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521