Атырауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

(0 Votes)

Атырау қаласындағы «Байзар» сауда орталығында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдегі білікті заңгерлер мен адвокаттар халыққа заң және құқық бағытында туындаған сұрақтарға жауап беріп, тегін кеңес өткізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, жергілікті әкімдік және аймақтың білікті заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

– Акция барысында қала тұрғындары еңбек, баспана, жер заңнамасы және білім саласы бойынша көптеген сұрақтар қойды. Азаматтардың сауалдарына заңгерлер мен жергілікті атқарушы органның мамандары толыққанды жауап берді. Бұл науқан еліміздің барлық қалаларында өткізіліп жатыр, деді ұйымдастырушы Құралай Жолдасова. 

Аталған іс-шараға адвокаттар мен заңгерлерден бөлек, полиция қызметкерлері, Кірістер департаменті, «Атырау Су арнасы» мен «Атырау Жарық» мекемелері, Білім беру басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика