banner_damu

Атырауда «Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асуда

(0 Votes)

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырған жоба ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

«Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында облыстағы әр этномәдени бірлестіктер жеребе арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастырады. Мақсат, этномәдени бірлестік өкілдеріне қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау, Қазақстанның этникалық алуан түрлілігін сақтау мен дамыту, ұлтаралық татулықты сақтау, өңірімізде мәдени-ағартушылық және танымдық шараларды өткізу.

Аталған жобаның кезекті іс-шарасы «Қазақстан халқының ұлы ақын және жазушыларының қызметтерімен таныстыруға арналған шығармашылық кеш» деп аталды. Танымдық кешті Ұйғырлар қоғамы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды. Іс-шарада, белгілі қазақ ақын-жазушыларымен қатар, ұйғыр ақын-жазушыларының еңбектерінен арнайы көрме ұсынылып, олардың  шығармалары оқылды.

- Бүгінгі шара мен үшін қызықты болды. Ұйғыр мен қазақ халқының арасында ұқсастықтар бар екені байқалды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ поэзиясын емін-еркін оқығаны көңіліме қуаныш сыйлады және қызығушылығымды оятты – деді, шараға қатысқан 2 курс студенті Перизат Темірова

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика