Атырауда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

(0 Votes)

Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 15-30 қыркүйек аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара барысында полицейлер тас жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеруде.

Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын болдырмас үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескертеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT