Атырауда карантин талаптары жеңілдетіледі

(0 Votes)

Атырау облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына орай бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік тіркелу саны - 15-20 адамды құрап отыр.

Сәйкесінше, 17 тамыздан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуынша, карантин талаптары жеңілдетілгенмен, тұрғындар санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

- Өңірдегі эпидахуал тұрақтанғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті, облыс тұрғындары карантин шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды орындауға тиіс. Азаматтар үнемі маска тағуға, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметіне рұқсат берілетін кәсіптік нысандарда жаппай дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі керек, - деді Жанар Досымбаева.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен ашық базарлар сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар мен СПА орталықтар өз жұмыстарын жалғастырады.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика