Карантин кезінде бұл қызметті Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен рұқсат етілген кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары жасай алады.
Жеке тұлғалар өз автомобильдерін ресімдей алмайды. Жүйе бейінді департаменттердің электрондық базаларымен және "Сергек"деректер базасымен жасақталған. Ол мемлекеттік кіріс, статистика және басқа да департаменттердің базаларымен салыстыра отырып, рұқсат беру туралы шешімді автоматты түрде қабылдайды, содан кейін оң шешім болған жағдайда, мәліметтерді полиция базаларына енгізіледі.
Жоба жасақтаушыларының айтуынша, портал ашықтық пен адам факторын азайту үшін әзірленген.
Айта кету керек, кәсіпкерлердің бірнеше күн тіркеуден өтуі керек, содан кейін барлық мәліметтер базасы жаңартылады.
Жедел штабқа берілген барлық өтінімдер базаға енгізілмейді. Сондықтан сайтқа бес жұмыс күн ішінде қызметтік автокөліктер мен қызметкерлердің барлық деректерін тіркеуіңіз қажет. Бес күннен кейін ескі деректер құлыпталады. Рұқсат жүйеге сәйкес беріледі, деді Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев.
Кейін, карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдеп, рұқсат етілген іс-шаралар тізбесі кеңейгеннен кейін олардың барлығы жүйеге қосылады. Осыдан кейін аталған санаттағы кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көлік құралдарын тіркей алады.
Кәсіпкерлер мен мекеме автокөліктерін тіркеуге арналған сайт: