АТЫРАУДА «ҒАЛЫМ МҰРАСЫ: ҒЫЛЫМ МЕН ПРОГРЕСС» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР

(0 Votes)

UYEBAYEV UNIVERSITY-де көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметов Сайранбек Мақсотұлын еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында UYEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова сөз сөйлеп, Сайранбек Мақсотұлының ғылым мен жоғары білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов Сайранбек Мақсотұлының ғылыми қызметі мен зерттеулерінің еліміздегі инженерлік білім мен ғылымды дамытудағы рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов, РФ Мәскеу мемлекеттік басқару университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Екатерина Шамаева, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің профессоры Эльшад Теляшев, Әзербайжан ғалымы, техника ғылымдарының докторы Ракиз Саттаров, Әзербайжан мұнай және газ институтының профессоры Галиб Эфендиев, өзбекстандық ғалым Бахшилло Акрамовтар қатысып, Сайранбек Мақсотұлының ғылым жолындағы жаңашылдығы мен ізденістерінің жастарға үлгі мектебі екенін айтты.

Конференция аясындағы секциялық отырыстарда геология, бұрғылау, мұнай-газ кен орындарын игеру және тасымалдау бойынша жаңа зерттеулер ұсынылды. 

Сайранбек Ахметов – Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Отандық инженерлік ғылым мен жоғары білім беру саласына зор үлес қосқан тұлға. Конференция ғалымның еңбегін ұлықтап, қазіргі ғылым мен техниканың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға отандық ғалымдармен бірге Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT