Атырауда этножурналистикаға арналған облыстық байқау басталды

(0 Votes)

Атырау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Этножурналистикадағы 30 медиа-жаңалық» атты облыстық шығармашылық байқау басталды.

Байқауды ұйымдастырушы – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ.

Жобаның мақсаты – этносаралық татулықты, бірлік пен мәдени әртүрлілікті насихаттайтын тың әрі мазмұнды медиаматериалдар легін қалыптастыру. Байқауға өңірлік, республикалық БАҚ өкілдері, студенттер, этномәдени бірлестік мүшелері мен этноблогерлер қатыса алады.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдың форматы еркін: мақала, бейнеролик, фотожоба, радиохабар, постер немесе блогтық контент. Үздік жұмыстар арнайы марапатталып, өңірлік ақпарат құралдарында жарияланады.

Байқауға материал қабылдау 2025 жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.

Өтінім беру формасы мен толық ақпарат: https://forms.gle/FRudyo5qd47YfnUp8

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT