Атырауда есірткіге қарсы күрес айлығы басталды

(0 Votes)

Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күніне арналған айлық басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау олысы әкімдігі ғимаратында айлықтың ашылуына арналған жиын өтті. Онда тікелей эфир арқылы байланысқа шыққан ҚР Премьер Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айлықтың мақсаты мен атқарылатын іс-шаралар жайында сөз қозғады.

-    1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні болып белгіленген.

 Нашақорлық біздің ел ғана емес, жалпы дүниежүзіне жаһандық қатер екені баршаға мәлім. БҰҰ мәліметі бойынша соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 пайызға өскен. Әлемде шамамен 275 млн. нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепші, - деді Ералы Тоғжанов.

Премьер Министрдің орынбасары 19 млн. халқы бар Қазақстан үшін есірткіге тәуелділіктің тіпті елеусіз көрсеткіштерінің өзі де ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер екенін атап өтті.   

      -  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуын болашақ ұрпаққа қауіп төндіретінін ерекше атап өткен еді.

Биылғы 11 мамырда нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-23 жылдарға арналған Жол картасын бекіттік. Ол құжатта жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың  алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейді. Үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілердің аталған картаны жүзеге асыруға қатысуы қарастырылды, деді  Премьер Министрдің орынбасары.  

-    26 мамырдан бастап бір ай бойы бүкіл ел бойынша әрбір жасөспірім мен олардың ата-аналарына есіртікінің зияны туралы түсіндіру мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оған қазірдің өзінде республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тартылған. Біздің алдымызда жастардың бойында салауатты өмір салты, отбасылы құндылықтар және табысты  болашақ құру  принциптерін қалыптастыру міндеті тұр, - деді  Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, айлықтың ашылуына облыс басшылығы, құқықорғау органдары өкілдері және  үкіметтік емес ұйым мүшелері мен белсенді оқушылар қатысты.

 

 

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика