25 ақпан күні Атырауда "Indoor Triathlon" спорттық жарысы өтеді.
Оған 30-дан астам бала және 62 әуесқой спортшы қатысады. Клубтың негізгі мақсаты - жүгіру, жүзу, велоспорт және әсіресе триатлон спортын бұқара арасында кеңінен насихаттау. Сонымен бірге, әуесқой триатлеттерді бастапқы кезеңнен кәсіби деңгейге дейін даярлау үшін спорттық база құру, облыс аумағында осы спорт түрін дамыту үшін жаттықтырушылар құрамын қалыптастыру да негізгі мақсаттың бірі.
"Триатлон біз үшін спортпен шұғылдану ғана емес, философия мен құндылықтар арқылы, өзімізді дамыту", - дейді "CLT Atyrau Iron Team" директоры Е.Елешев. Спорттық жарысты "KLT Atyrau Iron Team" ҚБ "Invictus SULO ATYRAU" фитнес орталығымен бірлесіп өткізеді.