Атырауда ерекше балалар жылыжайда гүл мен көкөніс өсіреді

(0 Votes)

Атырауда ерекше балалар үшін айрықша жоба іске қосылды. Қазір олар жылыжайда гүл мен көкөніс өсіреді.

Былтырғы желтоқсанда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанынан жылыжай ашылды. Жылыжайда гүл мен көкөніс түрлерін өсіруге арналған.

«Біздің орталықта тәрбиеленетін ерекше қажеттілігі бар балалар гүлдер мен көкөністерді өсіруді қолға алды. Осылайша, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, ұсақ моториканы дамытып, қоғамға бейімделуіне көмек бере бастадық. Жақында балалар өздері өсірген қиярдың алғашқы өнімін жинап үлгерді», -дейді орталық директоры Анар Аюпова. Қазір орталықта 78 бала емделіп жатыр.

Орталықта шағын асхана бар. Асханада балалар салаттың түр-түрін дайындайды.

«Жылыжай мен бақшадан алынған өнімдерді сатылымға шығаруымыз мүмкін. Бұл балалардың сату, қаржыны басқару дағдыларын үйренуіне ықпал етеді. Балалар құстарды да жақсы көреді. Сол себептен, құс шаруашылығын ашуды жоспарлап отырмыз», -дейді педагог-дефектолог Сара Қуанысова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылғанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика