banner_damu

Атырауда ерекше балаларға 7 000 сертификат табысталды

(0 Votes)

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен білім күні қарсаңында «Айналайын» қайырымдылық марафоны өтті.

Ол ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Іс-шараға Боран Нысанбаев атындағы қалалық орта мектебінің инклюзивті сынып оқушылары, олардың мұғалімдері мен аналары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

- Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Қазір инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Атырау облысында арнайы кеңес беру, түзету кабинеттері жұмыс істейді, мектеп-интернаттар жанынан Оңалту орталықтары іске қосылды, ал қарапайым мектептерде жаңа форматта инклюзивті сыныптар ашылуда. Ерекше балаларға психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру үшін облыс орталығында арнайы орталық салу жоспарлануда,- деп өңір басшысы балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.

 

ce82186a-af5e-4d33-963b-3d1065206007

Ата-аналар мен демеушілер атынан ерекше балаларды тәрбиелеп отырған Гүлдәурен Арыстановаға алғысын білдірді. Өңір басшысы барлық балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін сауда орталықтарына сертификаттар табыс етті. Облыс бойынша осындай сертификаттарды 7000-нан астам бала алды. Оның 3000-нан астамы Атырау қаласында тұрады.

Айта кетейік, бас демеуші «Ембімұнайгаз» АҚ болды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика