Атырауда енгізілген коменданттық сағатқа орай, күнделікті рейд жүргізілуде

(0 Votes)

«8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Атырауда түнгі мезгілде жұмыс істеп тұрған үш азық-түлік дүкенінің жұмысы тоқтатылды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

Дүкендерге ауызша ескерту беріліп, елімізде жарияланған төтенше жағдай, коменданттық уақыт кезіндегі бизнес нысандарының жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Рейд барысында түнгі 23.00-ден кейін жұмысын жалғастырған кафе, мейрамхана, клубтар анықталған жоқ.

Еске сала кетелік, Атырауда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін сағат 23.00 мен 7.00 аралығында коменданттық сағат енгізілді. Бұл аралықта мобильдік топ күнделікті рейд жүргізуде. Рейд барысында мейрамхана, диско-бар, азық-түлік дүкендері, алкомаркеттер жұмысымен бірге, автокөліктер тексерілуде. Атап өту керек, төтенше жағдай кезінде алкогольді ішімдіктердің барлық түрін сатуға тыйым салынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT