Атырауда емхана басшысы дәрігерлерден ақша жинаған

(0 Votes)

Атырау қалалық №4 емхананың директоры өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау қалалық №4 емхананың директорының өз қызметін асыра пайдалану фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Аталған адам медбикелерді делдал ете отырып, емхана қызметкерлеріне сыйақы ретінде аударылған ақшалай соманы жинап алу арқылы өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.

Қазір осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес іске қатысты басқа мән-жай жарияланбады.

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521