Атырауда ел аналарына құрмет көрсетілді

(0 Votes)

"Халықаралық әйелдер күніне орай, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов бір топ ананы мерекемен құттықтады" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің лебізін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов Орынғали Қарасаев ағаның зайыбы Даметия әжеге,  Илья Жақановтың жұбайы Тиыш анаға және ел анасы Жұмажан Далабайқызына гүл шоқтарын табыс етті.

" Әлемді әлдилеген құрметті аналар, сіздер барлық құрметке лайықсыздар. Тұнған тәрбиеге толы өмірлеріңіз кейінгі ұрпаққа өнеге" деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Еске сала кетелік, 8 наурыз мерекесіне орай Атырауда ерекше құттықтаулар легі жалғасуда. Кеше Атырауда 43 ақжаулықты анаға " Полицейдің анасы" төсбелгісі тапсырылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика