Оқиға 5 қыркүйек күні Береке шағын ауданында орын алған.
"Оқиға кезінде екі баланың анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке орай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған. Егіздердің біреуі ауруханада қайтыс болды", - дейді Атырау қаласының ТЖБ.
Айта кетейік, соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Статистикаға сәйкес, Атырауда жыл сайын терезеден құлау фактісі бойынша 5-6 бала көз жұмады.
Осы орайда, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
• Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде жүргеніне назар аударыңыз.
• Бөлмені желдету үшін форточканы ғана ашыңыз, дегенмен терезені түгел ашатын болсаңыз, 10 см артық ашпаңыз, ол үшін шектеуші құрал қойыңыз.
• Балаңызға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.
• Пәтерде ұйықтап жатырған баланы жалғыз қалдырмаңыз. Сәби оянып кетіп, ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін.
• Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бұл балаңыздың терезенің алдына шығуын шектейді.
• Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Өз бетінше терезе ашуды қаншалықты кеш үйренсе, соншалықты өмірі де қауіпсіз болмақ.
• Балаңызға терезеден, балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа да заттарды қойып қарауды үйретпеңіз. Ол сыртқа ұмсына қарап, құлап кетуі мүмкін.
Ең қауіптісі москитты торлар: бала оған сүйенем дегенде тормен бірге құлап кетуі мүмкін, олар бір жастағы баланың да салмағын көтеруге арналмаған.
Егер 5 – 7 жастағы балаңыз үйде жалғыз қалуға қорықса, қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Әдетте, бойын қорқыныш билеген бала ата-анасын қарау үшін терезеден немесе балконнан қарауға ұмтылады.
Ата-ананың балаларына аса көңіл бөліп, көзінен таса қылмауы қайғылы жағдайдың алдын алады. Есіңізде болсын, балаңыздың денсаулығы мен өмірі өз қолыңызда.