Атырауда дезинфекция жұмысына әскери қызметшілер тартылады

(0 Votes)

Атырау қаласында жаппай дезинфекциялау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысының әкімдігі 25 наурыздан бастап Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастайды. Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Дезинфекция жұмысы автомобильге орнатылған АРС-14 қондырғысымен атқарылады.

Алғашқы кезекте теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңы, сонымен қатар, «Исатай-Махамбет» алаңы дезинфекцияланады.

«Жұмыс күн сайын сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін созылады. Арнайы қорғаныс киімін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар газсыздандыруға арналған жиынтықты қолданады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика