Атырауда бір тәулікте 131 адам коронавирус жұқтырды

(0 Votes)

Вирус жұқтырғандардың ішіндегі 9 адам Құрманғазы ауданының тұрғындары» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты «қызыл аймақта» қалып отыр. 10 науқас Теңіз кенішінен анықталған. Аудандарда да инфекцияның таралу өсімі байқалып отыр.

Мәселен, соңғы тәулікте Жылыойдан 5, Индер ауданынан 4, Құрманғазы ауданынан 9, Махамбет ауданынан 3, Исатай ауданынан 1 адамнан коронавирус расталып отыр. «63 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте 158 емделуші вирустан сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, өткен тәулікте 2842 қазақстандықтан коронавирус анықталып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521