Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 64 мониторинг тобы жыл басынан қыркүйекке дейін 12 167 рейд жүргізген.
«Тексеру кезінде 50 191 нысан қамтылды. Мониторинг топтары департаментке карантин талабын бұзуға қатысты 831 материалды жолдады. Карантин шектеуін бұзған шағын және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлімімен 567 айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ал, қыркүйектің алғашқы күнінде 35 рейд кезінде 174 нысан тексерілген. Мониторинг топтары бір күнде карантин талабының 205 мәрте бұзылғанын анықтаған.